Бердібек Сапарбаев орамалды жоюмен жастарды исламнан айырмақ па?

Алты айдан бері мектептегі орамал дауы барған сайын ушығып барады. Он екіден бір гүлі ашылмаған мектеп оқушыларының басындағы жаулықты сыпырып, жүнін жұлған тауықтай қылса, сол басты білім саласының жеңісі болмақ екен. Бұл ата заңдағы көрсетілген ар-ұждан бостандығына қарсы, жаныңды күйдіретіні осы жылдың айтулы оқиғасы осы болды. Мектептің барлық мәселесі шешіліп, орамалды жойса ғана  өркендеп кеткелі тұр екен. Орамал ғана білім мен ғылымды дамытпай кері шегіндіріп, рухани жаңғырудың жолын кесіпті... Миниюбка болмаса ашық-шашық жүрсе оқушы қыздар Жапонияны 5 жылда қуып жетеді екенбіз...

Жалпы қоғамдық аңыстар осылай таралып жатыр.. Онда жалаңаштану өркениетке жеткізсе бүгінгі Африка дүниенің алдына шығар еді, олар киім кимейді ғой. Қысқасы ондай мысалдар айта берсек кете береді. Пост-совтеттік кездің өзінде мұндай асыра сілтенбеген. Құлдық санадан арыла алмауымыз, өз тізгін қолымызға тиген кезде, адам ететін сипаттарды құртуға күш салып келеміз. Есті қыз етегін жабады деген танымға қара құлып салынып, құрып жоғалудың тәсілдерін ғана жасаумен айналысып жатырмыз. Тарих толқынында аман қаламыз десек әйелдерді жалаңаштандырудың жолдарын тоқтатайық!

Дін істер министрі Нұрлан Ермекбаев мырзадан  істің оң бағытта шешілуіне ықпал етуін  талап етеміз! Әрине дін туралы заң қарастырылып жатыр дәл осы уақыттарда. Демек мектептегі оқушыларға орамалды шешуді қысымдау, Құзырлы мекеме әрі оқу орындары, өз құқықтарынан игіліктенуіне кедергі келтірмеуін үміт етеміз.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев орамалды жоюмен білім саласының  проблемасын  шеше ме? Онда орамалды жойып, мыңдаған мешіттерді қиратқан  Шығыс көршімізден қандай парқымыз бар? Демек болашаққа қадам тастар кезде, халықтың құндылығын ескеру ауадай керек. Қазақ тарихында орамалмен және исламдағы сүннетпен күресіп жақсылық тапқан ешқандай тұлға немесе батыр болмаған. Қайта сол орамал таққан қыздарды қорғап шаһид болған. Мұсылманның ар мен намысының жалауы болған орамал 600 жылдық тарихқа ие ұлттық нышан. Демек осыған қарсы тұрып еңбек көрсетем деген адамның абыройын Алланың өзі төмендететінін ұмытпайық! Бұл бүкіл орамалға қарсы пенделердің барлығына арналады.

Біздің ата-бабаларымыз жалаңаш әйелден келетін қатерді жақсы білген. Әрі шариғат үкіміне сай дәстүрді қалыптастырған. Орамал тартқан әйелде қайыр бар дейді қазақ. Әйеліне және өспірім қыздарына орамал тартуды бұйырған, демек мұндай еркек әйеліне және қызына жаны ашитын кісі болып табылған. Қазан төңкерісіне дейін күллі қазақ даласында ашық-шашық жүрген бірде – бір әйел заты болмаған. Басы жалаңбас әйел көрсе қорқатын, себебі өзге дінде бұл зина жасап, жазаланған әйелге қылмыс ретінде жалаңбас жүру жаза болып саналған. Қазан төңкерісіне дейін, он үш жас отау иесі деп, он жастан өрлей қыз балларға орамал таққан. Тіпті әр өлкенің киім кию дәстүрі болған. Дана хылқымыз «Ағаш көркі жапырақ, адам көркі шүберек» дегеніндей, адам баласы ұятты жерін жапса ғана адами санатқа қосылады екен, әйел адамдікі тіптіде маңызды болғаны айтпасада белгілі. Қысқасы, Алласын танып, өздігінен ұятын жапқан, тәубесіне келіп, шындық пен жалғанның не екенін білген, дәрестіз жер баспай, дәрестіз бала емізбеудің тереңін түсінген ата-аналардың қыздарын,  өзектен тепсек біз қалай ел боламыз? 

Алланың әйел адамдарға міндеттеген аят, хадис негізінде  парызы екенін балталасаңда өтпейді, неге? Олар өз эмоциясы арқылы күшпен шешуді көздейді, әлмисақтан мұсылман қазақпыз дегенді қаперге алмай тұр. Мектепке терроршы кіргендей орамал таққан өспірімдер кірсе алты ай бойы дырылдатып сүйреп шығып, мектептен қуалау әдетке айналған. Асыра сілтенген әрекеттен амалсыз қолыма қалам алдым, болмаса бір шешімін табар деп сабыр сақтап  жүре бергеміз. Тәуелсіздікті не үшін алдық, «Еттен өтіп, сүйекке барған» пролетариаттың әпербақан, құдайсыз сипатын қазаққа қайта кіргізу үшін бе? Демек, осыған байланысты, бүкіл мемлекет көлеміндегі келеңсіздіктің алдын алу үшін, қоғамдық халықтың өтініші ретінде дұрыс шешім шығаруына мүдделіміз.  Бұл сол мол шоғырдың биліктен араша сұрап өз құқықтарының қорғалуына көмек беруін талап ету.

Бердібек Сапарбаев мырзаны біз елдің патриоты деп құрметпен қараушы едік, дәл осы орамал мәселесінде барынша асыра сілтеп қол астындағы аудан әкімдеріне орамалдың мәселесін үш айда толық жою туралы тапсырма бергенін естіп, көңіліміз қалды. Алты ай алысып 400 оқушының 200-ге жуығының орамалын күшпен шешкізген. Жалғасты күшпен шешкізуді мақсат етіп отырғанын естідік Ақтөбе әкімдігінің. Сонда орамалды шешкізсе, барлық оқу орнындағы мәселе шешіле ме? Орамалды жою қазақтың мұсылмандық ұстанымын әрі тарихи құндылығын жойып, құдайдың алдында, құдай сүйетін қылық емес, қайта азабына қалу екенін білуі тиіс. Бұл тек әкімдік емес білім саласындағы ойсырап, діңгегі майысып тұрған мәселе. Жауапты орындар бұл туралы ойланып, тым үстірт кетіп жатқанын білсін. 

Сотқа жүгінген ата-аналарды жеңілді деген үкім шығарып, айып пұл салып жатқанын естідік. Ата-ана құқынан айырамыз деп түрлі әрекеттерге барып жатқаны, БАҚ беттерінде жарық көруде. Осы қысымға шыдамаған қарапайым халық қайда бармақ? Мұндай сынаққа иман келтірген мүмин ретінде сабыр сақтар, алайда басының дымы кеппеген жасөспірімдер қалай шыдар? Көріп жүрміз емтиханнан құлап қалса, ұстазы айыптаса, туған  күн өткізбесе тағы сол сияқты болмашы істер үшін, суцидқа барып жатқан оқушылар қаншама? Жыл өткен сайын молайып келеді. Демек осылай қысым жалғаса берсе ақыл тоқтатпаған жасөспірім, түрлі қысымға, айыптауға төзбей, жаппай өз –өзіне қол салса, мұның ақырына кім жауап береді? 

Бұл қысым жалғасын таба берсе, алдыңғы шепте жүрген, әпербақан мектеп директоры жауап бере ме?  Біз негізі түзуді қисайту үшін күресіп жатырмыз, ал, қисықты неге түзетпейміз? Бұл жағын осы сала мамандары мен шенеуніктер дереу ойласуы керек. Оқиғаның себебімен емес, салдарымен күресетін дәстүр қалыптастырғалы қашан? Қашанда жеке батырлық жарға жығатынын ескерсек,  «Жаман айтпай жақсы жоқ» дейді халқымыз. Көр жерді сөз қылып, ілік іздеген болмаса, тіпті сол орамал айтуға татымайтында нәрсе, жоқ жерден жұмыс іздегеніміз көрінісі.

Қазақстан Республикасының Конституциясы қарастырған 22 бапта «Әр кімнің ар-ұждан бостандығы бар. Адамдық және азаматтық құқықтар  мен мемлекет алдындағы міндет шектелмеуі тиіс». Білім туралы заңның 47 бабы, 3 тармағында «Оқушылардың жеке пікірі мен ұстанымдарына, ар-ұжданының құрметтелуіне құқылы» делінген. 2002 Ж. №345 ҚР «Баланы қорғау туралы» заңда белгіленген. Және 14 бап, 22-бап, 30 бап, 1,3 тармақ, 45-бап, №1128, ҚР «Сенім және діни бірлестіктер бостандығы туралы» заңдарда толық тереңдетіп көрсетілген. Демек заң сөйлесе де, шариғат сөйлесе де олардың құқы сөзсіз қорғалу керек екенін ашық айтып отыр.

Жастарды аздырып жатқан шайтани дүние не екенін ақылы бар адам білмеу мүмкін бе? Сол мектеп жасындағы 13 пен 18 жас аралығы өспірімдердің жаппай екі қабат болып,  ел көлемінде трибуна болып, жұрттың жағасын ұстатып жатқандарда сол мектеп оқушылары емес пе? Орамал сол індеттің ініне су құйятын дәрісі емес пе?  Бейресми мәліметтер бойынша неше он мыңдаған мектеп оқушыларының оборт жасатып, тіпті соның кесірінен өлім құшып жатқанын ақпарат әлемінен естіп жұрттың құлағы үйреніп кеттті. Бала мен дін бостандығы нәзік мәселе естір құлақ болса. 

Сол көзді арбайтын, еркеті өзіне тартатын миниюбкамен жүріп педофилдердің қаншама оқушы құрбаны болып кетпеді? Тіпті, жақындағана «Мектеп оқушыларын жезөкшелікке тәрбиелеп жатырмыз ба?» деген мақала жарық көрді. Мұнда сол мектеп оқушыларына еркекті қалай қанағаттандырудың тәсілдерін үйрететін мамандар дайындалып, жасақталған. Сонда өрімдей емшек сүті аузынан кетпеген өспірім қыздарымызға секс туралы не бетімізбен сабақ өтеміз. Ар мен ұятты аяққа таптаған осындай әрекетпен күресейік ел болып. Айтуға аузың бармайтын көк соққан рухани құндылықты жермен-жексен ететін, қаныңды қайнататын, келеңсіздіктерге бірге қарсы тұрайық. Мұндай арсыздықтарға келгенде, сол оқу орындары мен құзырлы орындар үнсіз, неге? Орамалмен алысқанша осындай адам баласына қасірет әкелетін, елдің болашағын бүлдіретін, жамандықтарды  неге жоймайды?! Айта берсең сөз көп әрине.

Бұл Б.Сапарбаевқа ғана қатысты мақала емес, білім мен дін істер министрлігіне және білім бөлімі мен мектеп директорларынада арналады. Қазақ халқының мұсылмандық әрі ұлттық нақышы болып саналатын орамал 600 жылдық тарихқа ие. Бұл тек уақыт пен кеңістік ұғымын ғана қамтып қалмастан, мұсылман қазақтың рухани жаны, ар-намыс өлшемі. Орамал мұсылман әйелдерінің қорғаны мен қамалы. Оған тек бұл күнде қытай сияқты диктатор елдер ғана күшпен жоюда.

Ресей, Жапон, Корея сияқты дінсіз елдерде мектептерінде тиым салмаған. Ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіз елінен бұтаға қорғалаған торғай құрлы пана таппай, балаларын Ресей мектептерінде оқытуға мәжбүр болып отыр. Айлығын шайлығына әрең жеткізіп отырған Ақтөбе обылысындағы бір қанша отбасы солай тентіреген. Ол жақта бір тәуірі орамалға шектеу жоқ екен. Елбасының: «Қазақ дінсіз өмір сүрмеген, жастарымызды соның жарқын жақтарына тәрбиелейік» деген сөзін неге пайымға алмадық?

Орамалды жойып, сүннетпен күресу, кім болсада жеке басына абырой әкелмейді. Ерте ме, кеш пе, әр пендеге Алланың ескертуі бар? Кеше бір ағамыз айтып еді: «Тірісінде исламға қарсы шыққандарға өлгенде жаназа оқудың керегі не деп, өйткені тірісінде сыйламаса өлгенде неге керек» деп. Демек білместікпен Алланың үкіміне қарсы келіп жүрсек тәубе қылайық. «Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады». Сөз соңын бар адамзатқа ескерту жасаған, Алланың сөзімен аяқтаймын: «Расында, Перғауынға елші жібергендей куә ретінде сендерге де елші жібердік. Сонда Перғауын елшіге қарсы келді. Сонымен оны қатты қинаумен қолға алдық» (МУЗЗӘММИЛЬ: 15-16).


Серік БОҚАН

Ұқсас тақырыптар