Олимпиада-2018: Галышева финалға өтті

Бүгін Оңтүстік Кореяда басталған ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында сәтті өнер көрсетіп, финалға жолдама алған фристайлшы Юлия Галышева жарыстан кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Ең бастысы алғашқы мүмкіндігімді мүлт жібермей, бірден финалға өттім. Егер бүгін осындай жақсы нәтиже көрсете алмағанымда 11 ақпан күні екінші рет қайта іріктеуге қатысатын едім. Енді алда финал. Соған тыңғылықты дайындалуым керек», - деді Галышева.

Ол сондай-ақ, бүгінгі сайысында қардың күн нұрына шағылысуынан бағытын дұрыс көре алмай қалғанын айтты.

«Бүгін ауа райы жылы жақсы болғанымен мен сайысқа шығарда күн тура алаңға қарсы бағытта болды. Ол маған кері әсерін тигізді. Екінші іріктеуден енді тағы тура осылай 10 қыз финалға шығады. Сосын 20 спортшы арасындағы ең мықтылары медаль үшін таласады. Бұйырса, менде барымды салатын боламын», - деді ол.

Еске сала кетейік, бүгін қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында ойындарында бірінші болып финалға шыққандығы туралы хабарлаған болатынбыз. 


Ұқсас тақырыптар