Түрік, Корей фирмалары Қазақстанда құны $470 миллион болатын айналма жол салады

1519027131_article_b_1500_.jpeg


15 ақпан күні Түрік және Оңтүстіккореялық компаниялар Қазақстанда Үлкен Алматы айналма жолын салу туралы концессиялық келісімге қол қойды, деп хабарлады egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түрік фирмалары - Makyol Construction және Alsim Alarko, сондай-ақ Оңтүстік Кореялық компаниялар, кореялық SK және Корея Expressway корпорациясы ҮАААЖ жобасын іске қосу туралы келісімге қол қойды, деп мәлімдеді ҚР Оңтүстік Кореядағы Елшілігінің инвестициялар жөніндегі арнайы кеңесшісі Олжас Раев.

 Раевтың айтуынша, жол құрылысы осы жылы басталады.

Оның айтуынша, жолдың ұзындығы 66 км (41 миль) болады және Алматы қаласының оңтүстік-шығысындағы Қарасай, Іле және Талғар аудандарынан өтеді.

 Бұдан басқа, жол бойында жеті қиылысу және 13 жол өткелінің құрылысы жоспарланып отыр.

ҮАААЖ – еліміздегі ең үлкен жобалардың бірі, әрі бұл Алматы қаласындағы жол кептелісін азайтуға бағытталған бірегей жоба болып отыр.

 Қазақстан Республикасы Инвестиция және Даму министрлігінің хабарлауы бойынша, құны  150 миллиард теңге ($467,9 миллион) болатын жобаны түрік және корей инвесторлары жүзеге асырады.


Ұқсас тақырыптар