Білім – қоғам қауіпсіздігінің кепілі

Білім – қоғам қауіпсіздігінің кепілі

Ауылдың шетінде тұрған Эзоптан жаяу жолаушы Афинаға қанша уақыттан кейін жететінін сұрайды. Сонда Эзоп: «Жүре бер» деген екен.  Жолаушының жүрісіне қарап, соңынан  жолаушының Афинаға қашан  жететінін айқайлап айтқан дейді. Иә, менің  мектебімнің білім беру  сапасының деңгейі қазіргі мұғалімнің құзіреттілігі мен Қазақстан  мемлекетінің білім жүйесінің  сапалы  бағытымен  байланысты  болса,  әлемнің  озық  елдерінің  оқыту  технологияларынан  алған  білім  азығымен  тікелей  сабақтас.  Бүгінгі  таңда  білім – кез  келген  мемлекеттің  дамуының  ғана  емес,  сонымен  бірге  қоғамның,  тіпті  әлемнің  қауіпсіздігінің  кепілі.
Сондықтан, осы мәселені жүзеге асыратын мұғалімдер қауымына мемлекетіміз үлкен жауапкершіліктер міндеттеп отыр. Әлем тәжірибесі  көрсеткеніндей,  кез  келген  мемлекеттің  экономикалық  дамуы  сол  елдің  білім  жүйесі  мен  азаматтарының  білім  дәрежесіне  тікелей  байланысты.  Білім  арқылы  ғана  қоғамның  интеллектуалдық  капиталы  мен  инновациялық  құндылық  әлеуеті  қалыптасады.
Елдің  ертеңі,  ұлттың  болашағы,  оның  ұлттық  құндылықтарының  өміршең  болуы  мұғалімнің  жауапкершілігінде.  Ал,  мұғалім  жауапкершілігі  оның  кәсіби  біліктілігінде.  Қазір  әлем  елдерінің  алдында  тұрған  сұрақ:  нені оқыту  керек  және  қалай  оқыту  керек?  Бұл  сұрақтың  жауабы  әлемдегі  білім  жүйелері  озық  технологиямен  қаруланған  елдердің  білім  берудегі  ерекшеліктері  мен  жаңалықтарын  оқып,  үйренгенде  табылатынына көзіміз  жетіп  отыр.  
   Ал  енді  мұғалімнің  жаңа  білім  беру  жүйесінде  құзіреттілігі – оның білім  берудегі  сенімді  қаруы  болмақ.  К.Д.Ушинский:  «...мұғалім – бағбан,  бала - өсімдік»  деп  бекер  айтпаған.  Мұғалімнің  құзіреттілігі,  Оның:
Зерттеушілігі;
Ізденгіштігі;
Жаңаша  ойлай  алатындығы;
Ортамен  тіл  табыса  алатындығы;
Өзгеріске  тез  бейімделгіштігі;
Іс-әрекетіне  жауап  бере  алатындығы;
Кез  келген  әрекетке  тез  ауыса  алатындығы;
Өзіндік  жаңалығы,  идеясы  бар  болуы;
Өз  алдына  мақсат  пен  талап  қоя  алуы;
Кәсіби  шеберлік  пен  озық  әдіс-тәсілді меңгеруі.
Бұл  жаңа  формация  мұғалімінің  бейнесі.  ХХІ ғасыр  мен  әлемдегі  нарықтың  талабы  да  осы. Біздің  оқытқан оқушыларымыз жақсы  оқиды,  бірақ соңғы  нәтижеде  сол  білімін  көрсете алмайды. Себебі,  бала өздігінен  шешім  қабылдап, іс-әрекетке көшер сәтте сыртқы қажеттілік пен  баланың  білімі  сәйкес  келмейді. Сондықтан білім  жүйесіне  өзгеріс керек. Ол үшін мұғалім  мен  баланың сапалы білім айдынындағы  қаруы -  озық  елдердіің  білім  жүйесін  ұйымдастырудағы  озық  оқыту  технологиялары.  
     Сондықтан  да  оқыту  оқушыға  бағытталуы  керек, ал  мұғалімдерге  ол  үшін  алға жылжу   керек.  Жүсіпбек  Аймауытов  айтқандай:  «Сабақ беру – үйреншікті  жай  шеберлік  емес, ол - үнемі  жаңадан  жаңаны табатын  өнер». Әрине  өзгеріс  қиындық тудыруы  мүмкін,  ал  оқушылардың  игілігі  үшін  қажет.Біз  қиыншылықтарды  жеңе  білуіміз  керек.
Балаға  ізгілік  тұрғысынан  қарау;  оқыту  мен  тәрбиеннің  бірлігі;  баланың  танымдық  күшін  қалыптастыру  және  дамыту;  баланың  өз  бетімен  әрекеттену  әдістерін  меңгерту;  баланың  танымдық  және  шығармашылық  икемділігін  дамыту;  барлық  оқушылардың  дамуы  үшін  жүйелі  жұмыс  істеу;  жеке  тұлға  болып  қалыптасуын  жүзеге  асыру  мақсатында  өз  мектебімнің  перспективалық  жоспарында  төмендегі  түйіндемелер  басшылыққа  алынған:
⦁ Білім  берудің  2011-2020 жылға  арналған  бағдарламасы  негізінде ақпараттық  технологияны  және  компьютерлік  сауаттылықты  жоғары  деңгейге  көтеру;
⦁ Оқушыларды  бағдарлап  оқытатын,  кәсіби  бағытталуын  жүзеге  асыра  алатын,  жаңашыл  мұғалімнің  іс-тәжірибесін  басшылыққа  ала  отырып,  жас  мамандардың  жұмыс  сапасын  арттыру;
⦁ Білім  сапасын  бағалаудың  жаңа  нысандарын  зерттеу;
⦁ Теориялық  білімді  сапалы  іс-әрекетпен  ұштастыру. 
Осы  аталған  мәселелерді  жүзеге  асыру  үшін  озық  ойлы  мамандар  керек.  Оларды  тәрбиелейтін  жаңа формация  мұғалімі. 
        

Гүлбаршын КАРИБАЕВА, 
«Мектен  жасына дейінгі шағын  орталығы бар 
№36 жалпы білім  беретін орта мектеп» МКМ  директоры.
Алматы облысы, Талғар ауданы.
 
Пікір жазу
Пікір жазу(Жалпы 0 Пікір)
   
Тексеру коды:

Ұқсас тақырыптар