Назарбаев Финляндия президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Саули Ниинистёге Финляндия Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Mezgil.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Нұрсұлтан Назарбаев С.Ниинистёні президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, жоғары мемлекеттік лауазымдық қызметіне табыс тіледі.

«Бұл жеңіс – Финляндия халқының Сізді мемлекет пен оның болашағы үшін аянбай еңбектенетін шынайы патриот, елдің тұрақты дамуын әрі бірлікте болуын қамтамасыз ете білетін көшбасшы екеніңізді мойындау.

Мен Қазақстан мен Финляндия арасындағы экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету және бұдан әрі саяси байланысты дамыту мақсатында тығыз әрі тиімді қарым-қатынас жасап жатқанымызға қуаныштымын», - делінген телеграм хабарламада.


Ұқсас тақырыптар