Джунглиден ондаған мың мая өркениетінің құрылысы табылды

d6bdd5a756a96b9711-80997241.jpg


Археологтар Гватемала джунглиінде мая өркениетінің 60 мың құрылысының қирандыларын тапты, деп хабарлайды Би-би-си.

Бір қызығы, тропикалық ну орман жауып жатқан, адам қолымен тұрғызылған бұл құрылыстар лазерлік технологияның көмегімен ашылған.

Ғалымдарға лазерлік технологияның арқасында Гватемаланың солтүстігіндегі Петен департаментінде 2000 шақырымнан астам жердің картасын түзудің сәті түскен.

Джунглидің бұл бөлігінде үйлер, сарайлар, жолдар мен қорғаныс бөгеттері табылды. Сондай-ақ бұл жер бүгінде белгілі  болған мая қалаларының қирандыларына жақын маңайда. Соған қарағанда, өңір тұрғындарының саны бірнеше миллионға жетуі мүмкін.

Археологтар жаңа технология біздің мая өркениеті туралы білгенімізді толықтай өзгертетіндігіне сенімді.

«Бұл - маяны жарты ғасырға созылған археологиялық зерттеу тарихындағы аса маңызды белес болып отыр», - дейді Брауновский университетінің профессоры Стивен Хьюстон.

ҚазАқпарат


Ұқсас тақырыптар