Сазгер Байғали Серкебаевқа Украинаға кіруге тыйым салынды

photo_238975.jpg


Украина қазақстандық-ресейлік «А-Студио» тобының мүшесі, сазгер Байғали Серкебаевқа Крымға келуге үш жылға тыйым салды, деп хабарлады Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

«Киев» жеке бақылау-өткізу пунктінің шекарашылары халықаралық астаналық әуежайда Крымда заңсыз жүрген Ресей артисін ұстады... «А-Студио» тобының мүшесі, ресейлік сазгер 2016 жылдың қараша айында Крымға гастрөлдік сапармен келген болатын. Ресейлік артиске үш жылға Украина территориясына кіруге тыйым салынды», - делінген хабарламада.

Шекарашылардың мәліметінше, артист жексенбі күні ел территориясына кіре алмағандықтан, Алматыға ұшып кеткен. Қазақстандық-ресейлік «А-Студио» тобын сазгер Байғали Серкебаев құрған. Қазір бұл ұжымда Кэти Топурия, Владимир Миклошич және Байғали Серкебаев жұмыс істейді.


Пікір жазу
Пікір жазу(Жалпы 0 Пікір)
   
Тексеру коды:

Ұқсас тақырыптар