«Астана-Риддер» пойызы мәжбүрлі түрде тоқтатылды

main-slider-6.jpg


«Астана - Ридер» бағытындағы №376 пойыздың сапары Дегелең-Семей аумағында тоқтады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қозғалысты жалғастыруға дөңгелек блогындағы техникалықақау себеп болған. Ақаудың бары Шаған станциясындағы тексеріс кезінде анықталған.

«Пойыз мәжбүрлі түрде тоқтатылғаннан кейін жолаушыларға барлық қажетті қызметтер көрсетіліп, тегін тамақ берілді. Тасымалдаушылар 198жолаушыны Семей станциясына дейін «Павлодар-Алматы» бағытында кетіп бара жатқан №31 пойызға салып жіберді. Сонымен бірге, 99 жолаушы Өскемен мен Риддерге дейін 99 жолаушы авокөлікпен жеткізіледі», - делінген хабарламада.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ қолайсыздыққа байланысты жолаушылардан кешірім сұрады. Діт деген жеріне жеткеннен кейін жолаушыларға өтемақы төленеді.


Пікір жазу
Пікір жазу(Жалпы 0 Пікір)
   
Тексеру коды:

Ұқсас тақырыптар