Олимпиада-2018: Медиа қалашықта журналист өлі табылды

foto-iz-otkrytyh-istochnikov_rect_e1211987511cb2c3f57bcd4f3cd604f7.jpg


Кореялық журналист Пхенчхандағы Олимпиаданың медиа қалашығындағы өз номерінде өлі табылды, бұл жөнінде ұйымдастыру комитетінің өкілі Сон Баик Ю мәлімдеді, деп хабарлады tengrinews.kz агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Медиа қалашықта (журналистерге арналған қалашық) Пхенчхандағы Олимпиадада жапониялық хабар тарату компаниясы үшін жұмыс істеген 50 жастағы кореялық журналист өз номерінде өлі табылды. Бөлмедегі көршісі оны оятпақшы болған, алайда ол қозғалмапты. Ауруханада оның қайтыс болғаны анықталды", - деді Сон Баик Ю баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Пхенчхандағы Қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында өтеді.


Ұқсас тақырыптар