Қазақстанда жұмыссыздар саны 442 мың адамға дейін артты

6446d860dbbfe540e9e2cbab5f98f1e3.png

2017 жылғы желтоқсанда Қазақстанда еңбек биржасына 70,3 мың адам келді. Бұл елдегі экономикалық белсенді халықтың 0,8 пайызын құрайды, деп хабарлайды LS.

Еуразия Экономикалық Комиссияның мәліметіне сәйкес, 2016 жылы желтоқсанда бұл көрсеткіш 1,8 есе (37,5 мың адам) төмен болған.  Алайда 2017 жылдың қараша айында 125,9 мыңға жуық адам жұмыс іздеуге кіріскен.

Қазақстандағы жұмыссыздардың жалпы саны 2017 жылдың соңына қарай 441,8 мың адамды құрады. Бұл 2016 жылдың қазан айынан кейінгі ең жоғарғы көрсеткіш. Ол уақытта биржада 442,2 мың жұмыс іздеуші тіркелген болатын. Ал, 2017 жылдың қазан айында жұмыс іздегендер саны 438,2 мың адам болды.

Нәтижесінде, жұмыссыздық деңгейі 2017 жылдың желтоқсан айында 5 пайызды құрады.

7kun.kz


Пікір жазу
Пікір жазу(Жалпы 0 Пікір)
   
Тексеру коды:

Ұқсас тақырыптар