Головкинді нокаутқа түсіруге уәде берген "Канело" промоутердің мазағына ілінді

photo_44725.jpg


Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшыны нокаутқа түсіремін деп уәде берген мексикалық Сауль "Канело" Альваресті мазақ етті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Канело" Головкинді нокаутқа түсіруге тырыса ма? Олай болса, көрейік. Головкинді нокаутқа түсіргісі келсе, ол аяғынан тік тұрып жұдырықтасу керек. Ол артқа қашпай, арқан бойымен жүрмеуі қажет. Бірінші жекпе-жекте Альварес бәрін таңдандырды, Абель Санчес пен Головкинді де, өзінің асқан сақтығымен. Нағыз мексикалықпын және мексикалық стильде жұдырықтасамын дейді, бірақ ол мексикалық сияқты жұдырықтасқан жоқ. Ол сақтықпен жұдырықтасып, 12 раунд шыдады да, Головкинмен осылай жекпе-жек өткізген екінші адам болды.

Қарымтада қызықты сәттер көбірек болады деген ойдамын. Екі боксшы да рингте 12 раунд жүрді. Екі команданың да біраз нәрсе түйуіне уақыт жеткілікті еді. Абель жекпе-жекті бірнеше рет қарап шыққанына сенімдімін. Өзгерістерді бақылау қызық болады. Алғашқы кездесу расымен тартымды болды, бірақ, "Канелоның" көздегені нокаут болса, жекпе-жек қызықтырақ бола түспек", - дейді промоутер ESNews басылымына берген сұхбатында.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен болатын. 12 раундқа созылған жекпе-жек тең есеппен аяқталған.

tengrinews.kz


Ұқсас тақырыптар