Сыбайлас жемқорлықпен күресте грузиндік тәжірибе ұсынылды

3.jpg


Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттік төрағасының көмекшісі Хаким Күшқалиев полицейлерге Грузиядағы тәжірибені үлгі етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Алматыда полиция қызметкерлерімен кездескен болатынбыз. Осы орайда оларға Грузиядағы оңтайлы өзгерістер жайында айтқан едім. Грузиндік полицейлерден неміз кем? Оларда 10 жыл бұрын сыбайлас жемқорлықпен күрес басталды ғой. Үш жылдың айналасында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жойды. Грузияда ешбір полицей мұндай заңсыздыққа бармайтынын білеміз. Осыны бір үлгі ретінде айтып отырмын», - деді ол елорда әкімдігінде «Астана - адалдық алаңы» жобасы аясында сыбайлас жемқорлықпен күрес мәслесіне арналған кеңесте.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде сыбайлас жемқорлық мәселесі елімізде әлі де өзекті.

«Сондықтан бұл жағдай ауқымды әрі қиын мәселе болып тұр. Бұл тұрғыда бір агенттік түріндегі бір өкілетті органның, ұлттық бюроның қаруымен проблеманы жалғыз шеше алмаймыз. Әрқайсымыз өз мақсатымызды орындаймыз. Сондықтан да сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою шараларын баршамыз бірлесе атқаруымыз керек», - деп түйді Х. Күшқалиев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Астана - адалдық алаңы» жобасы аясындағы кеңес барысында түрлі дәрежедегі басшылар бағынышты қызметкерлердің жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тікелей жауапты болатыны айтылды.


Ұқсас тақырыптар