"Мен сені сүйемін". Ер адам екі жыл бұрын қайтыс болған әйелінен хат алып тұрады

3.jpg4.jpg


Англия тұрғыны Крис Поинтон екі жыл бұрын қайтыс болған әйелінен хат алып тұрады, деп жазады life.ru.

Порталдың мәліметінше, Кристің марқұм жұбайы Кейт ол 65 жасқа келгенше алып тұруы үшін 27 құттықтау хатын жазып, қалдырған.

"Уэст-Йоркширде тұратын Кейт Грейнджер мен Крис Поинтонның хикаясы "P.S. Мен сені сүйемін" деген фильм сияқты, бірақ, өкінішке қарай, телеэкраннан көрсетілмеген. Кейт бес жыл бойы обырдың сирек кездесетін түрімен күрескен, ақыры, дерт оны жеңді... 34 жастағы әйел 2016 жылы көз жұмған, сол жылы бұл жұп үйленгендеріне 11 жыл толуын атап өтпекші болыпты", - делінген жарияланымда.

Бірақ Кейт өлер алдында жолдасына тосын сый әзірлеу туралы ойлайды. Ол оның алдағы 27 туған күніне арнап, құттықтау ашық хаттарын қалдырған. Енді Крис 65 жасқа толғанша, әр туған күнінде әйелінің жылы лебіздері жазылған хатты алып отырады. Оның айтуынша, әйелінің бұл тосын сыйы өмірін одан әрі бақытты ете түседі.


4.jpg


"Менің қымбаттым, Шалтай-Болтай, енді міне, сен 40 жастасың, көріктім. Шаштарыңның барлығы түсіп қалған жоқ па?!? Мен сені сүйемін және мәңгі сүйетін боламын. Өте қатты"

Кристің 40 жасына құттықтау Ашық хаттар салынған қорап Кейттің төсегінің астынан табылған. Ол қорапта ашық хаттардан бөлек тағы бір хат болыпты, оған өзін жерлеу рәсімінің қалай өтуі тиіс екенін жазған.

Кейт өзінің дерті жайында 2011 жылы, жолдасымен Калифорнияда қыдырып жүргенде білген. Әйелдің арқасы қатты ауырып, кейін саркоманың белгісі екені анықталды. 2013 жылы операциядан кейін сепсис болды. Ол сол кезеңдердің өзінде белсенді өмір сүрген.

Дереккөз: tengrinews.kz



Ұқсас тақырыптар