Азия чемпионаты: Қазақстандық сегіз боксшы жартылай финалға шықты

6.jpg


Бангкокта өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстан жастар құрамасының сегіз боксшысы жартылай финалға шықты, деп хабарлады Қазақпарат.

Жартылай финалға шыққан боксшылар қатарында 49 келі салмақта Махмұд Сабырхан, 56 келі салмақта Бейбарыс Жексен, 64 келі салмақта Талғат Шәйкенов, 69 келі салмақта Ермахан Жақпеков жартылай финалға шықты. Сондай-ақ, 75 келі салмақта Нұрбек Оралбай, 81 келі салмақта Сағындық Тоғымбеков, 91 келіге дейінгі салмақта Айбек Оралбай жартылай финалға жолдама алса, аса ауыр салмақта Дамир Тойбай да ширек финалдағы қарсыласын қапы қалдырып, жартылай финалға жолдама алды.

Қазақстандық боксшылар арасынан 60 келі салмақта өнер көрсететін Рахат Сейітжан ғана ширек финалда қарсыласына есе жіберіп алды.



Ұқсас тақырыптар