СҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы парамен ұсталды

2.jpg


Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы парамен ұсталды, - деп хабарлады Тengrinews.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"25 сәуірде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросының Солтүстік Қазақстандағы департаменті 300 мың теңге пара алған СҚО Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы ұсталды. Ол бұл соманы заңды тұлғадан тексеріс нәтижесін оңтайлы етіп беруі үшін алған", - делінген хабарламада. 

27 сәуірде сот үкімімен ол қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.



Ұқсас тақырыптар