Головкин спорттық мансабын қашан аяқтайтынын айтты

4.jpeg


Жеңіліп көрмеген қазақстандық орта салмақтағы боксшы Геннадий Головкин Power 106 радиосында The Cruz Show-ға берген сұхбатында спорттық мансабы туралы айтты.

Ол өз мансабы туралы әзірге ойланбағанын айтты.   

 - Сен жеңіліп көрмеген қалпы зейнеткерлікке шыққың келеді ме? 

- Білмеймін, дәл қазір өз бабымдамын. Мен белсендімін, белсенді болып қалғым келеді. Үш-төрт немесе бес жыл бокстасатын шығармын. Кім білсін?! Әр жекпе-жектің өзіндік ерекшелігі бар, - деп жауап берді Головкин 106 радиосының The Cruz Show эфирінде. 

5 мамырда Калифорниядағы StubHub Center аренасында GGG америкалық Ванес Мартиросянмен жекпе-жекке шығады.  

Дереккөз:ҚазАқпарат



Пікір жазу(0 Пікір)
  • Пікір жазыңыз
    Қызу талқы
    Жаңа пікірлер

    Пікір жазылмаған

    Ұқсас тақырыптар