Үлкен Алматы өзеніндегі су қызыл түске боялды: Видео

4.png


Алматы тұрғындары суы қызыл түске айналып кеткен Үлкен Алматы өзенін видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бұл шамамен сағат 19.30-да түсірілген. Біз балконда тұрдық, содан ұлым судың қызыл түске айналып кеткенін байқады. Басында күн батқан соң бізге солай көрініп тұрған шығар деп ойладық. Ұлым бірден далаға қарай жүгіріп кетті, су расында да қызыл болды. АДК сауда орталығының маңында тұрамыз, Сәтбаев көшесінен жоғары Үлкен Алматы Өзенінің бойында", - дейді алматылық тұрғын Жанна. Жаннаның айтуынша, баласы өзен жаққа барғанда ешқандай иіс сезбеген, алайда көршілерінің бірі онда мазуттың иісі шыққанын айтады.


Ұқсас тақырыптар