Қыздың мұрнына тіс шыққан

2.jpg


Түмен облысы Ишим қаласындағы № 4 облыстық аурухананың дәрігерлері қыздың мұрнына шыққан тісті алып тастау бойынша ота жасады, - деп хабарлайды РИА Новости. 

Ота бірнеше минутқа созылған. Басылымның мәліметінше, қыз бастапқыда мұрынның бітеліп қалуына шағымданған. Қыздың айтуынша, ол гаймориттен емделіп жүрген. Алайда рентген қорытындысы қыздың мұрнында тістің өсіп кеткенін көрсеткен. Сондықтан ол дұрыс тыныс ала алмаған. 

"Медициналық дереккөздерден мұндай жағдайдың өте сирек кездесетіні белгілі. Тіс экстопиясы. Бұл халықтың 1-4 пайызында ғана кездесуі мүмкін", - деп хабарлады Түмен облысының Денсаулық сақтау департаментінің өкілдері.

Дереккөз: tengrinews.kz



Ұқсас тақырыптар