Халал ет өнімінен шошқаның ДНҚ-сы табылды

4.jpg


Астанада қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті өнім қауіпсіздігін бақылау үшін 330 үлгіні зерттеуден өткізген, оның ішінде 33 ет өнімі болды, деп хабарлады ktk.kz.

Зертханалық зерттеудің нәтежиелері бойынша ет өнімінің бесеуі Еуразия экономикалық одағы техникалық регламентінің таңбалау бойынша және төрт үлгіден қауіпсіздік көрсеткіші (шошқа ДНҚ-сы) бойынша талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған. 

Халал өнімдердің құрамынан шошқа ДНҚ-сының табылуына қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде нақты мысалдар келтірілді. 

«Шошқа ДНҚ-сы» мына өнімдерде табылды: «Байрам» халал піскен шұжығында, «Бақташы» және «Silla» сиыр етінен жасалған пісірілген шұжық, Ақтөбеде жасалған «РОКОС Ко» ЖШС, сондай-ақ «Целых из Петропавловска» ЖК өндірген «ХАЛАЛ» және «мұсылман» тұшпаралары», - деп нақтылады ведомствода.

Сондай-ақ, өндіруші бұл өнімнің құрамында шошқа етінің бар екенін көрсетпей, тұтынушыларды адастырған.



Ұқсас тақырыптар