Нығматулин: Мемлекеттің әрбір тиыны тиімді жұмсалуы керек

2.JPG

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Үкіметтің және Есеп комитетінің 2017 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері қаралды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, талқылау барысында депутаттар Елбасымыздың бюджет қаржыларын жоспарлы жұмсауға байланысты тапсырмасын басшылыққа алды. Талқылау бірнеше сағатқа созылды. Осы ретте өткен жылғы бюджеттің атқарылуының жетістіктері мен кемшіліктері жан-жақты айтылды.

Қорытынды сөзінде Мәжіліс Төрағасы:

- Елбасымыз айтқандай, «мемлекеттің ақшасы – ол – халықтың ақшасы». Сондықтан, оның әрбір тиыны нәтижелі және тиімді жұмсалуы керек. Бұл біздің жұмысымыздың ең негізгі бағыттарының бірі. Осы жолда бүгін өзіміз куә болғандай, атқарылып жатқан жұмыстар өте көп. Бірақ та, кейбір кемшіліктер де әлі бар. Оның барлығы бүгінгі талқылау кезінде айтылды.

Сонымен бірге, депутаттарымыз көптеген ұсыныстарды да жеткізді.

- Алдағы жұмыста Үкімет те, Есеп комитеті де осы ұсыныстарды ескеру қажет деп есептейміз, - деді.

Айта кетейік, 2017 жылы республикалық бюджеттің кіріс бөлігі 9 691,8 млрд теңгені құраған. Ал, қаражаттың тиімсіз жұмсалу сомасы 2016 жылмен салыстырғанда екі есеге артқан.


Ұқсас тақырыптар