Америкадағы бокс кешінде бірден үш қазақстандық жекпе-жек өткізеді

3.jpg

Қазақстандық үш боксшы 28 шілде күні Американың Остин қаласындағы (Техас штаты) кеште жекпе-жектерін өткізеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Ауыр салмақтағы Әлі Балоевтың (4-0, 3 КО) қарсыласы әзірге белгісіз. Бірақ BoxRec.com-ның хабарлауынша, кездесуде бірінші ауыр салмақта бос тұрған NABF Junior титулы сарапқа салынады.

Сондай-ақ Austin Sports Center аренасында өтетін бокс кешінде басқа да жерлестеріміз рингке шығады. Екінші аса жеңіл салмақ санатында Ескендір Харсан (3-0, 3 КО) мексикалық Мануэль Рубалькавамен (4-27) жұдырық түйістіреді. Ал бірінші ауыр салмақтағы Асхат Жантұрсынов Америка өкілі Майкл Коронадоға (1-1-1) қарсы кәсіпқой бокстағы дебютін өткізеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат



Ұқсас тақырыптар