Таразда достары өртеп жіберген баланың жағдайы ауыр

4.jpg

Таразда алты жастағы баланы өртеп жіберу оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі bnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысының тергеушілері 17 маусымда Таразда болған шулы жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғады. Балалар ойнап жүрген кезде тез жанғыш сұйықтықты 6 жастағы баланың үстіне белгісіз жағдайда құйып, өртеген.

«Осы жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жағдайдың мән-жайы әзірге белгісіз», - дейді Жамбыл облысы ІІД Жергілікті полиция қызметінің бөлім басшысы Қуаныш Қалжанов.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бала №1 қалалық ауруханаға жатқызылғанын хабарлады.

«Баланың денесінің 18 пайызы өртеніп кеткен. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.



Ұқсас тақырыптар