Work and Travel: қазақстандық студенттердің АҚШ-тағы табысы мен қиындықтары

2.jpg

Work and Travel бағдарламасымен АҚШ-та болған қазақстандық студенттер Tengrinews.kz тілшісіне табыс есебі мен жұмыс барысындағы қиындықтардан қалай құтылуға болатыны туралы айтып берді.

Work and Travel - танымал мәдени алмасу бағдарламасы. Студенттер жазғы демалыс кезінде төрт ай жұмыс істеп, азын-аулақ ақша табу мен саяхаттау үшін Америкаға барады. Қазақстандақ студенттер АҚШ-қа бару үшін жыл сайын J1 визасын қолданады.

"Бағдарламаның пайдалы тұстары көп. Ең бастысы - жақсы табыс, ағылшын тілін жетілдіріп, жаңа мәдениет пен америкалық қоғаммен танысуға болады. Біз қайда жүрсек те Батыс жайлы естиміз. Онда бәрі қызығатындай, соншалық не бар екенін мен де білгім келді. Америкаға алғаш ұшып келген күні вокзалда түнеуіме тура келді. Уайымдайтын ештеңе жоқ, бұл менің немқұрайлығымнан болды. Автобусты ұзақ уақыт күтеміз деп ойламаппыз. Ұшақтан кейін шаршаған біз түні бойы көлік күттік. Бірақ ақыры жақсы болды", -  дейді медицина университетінің студенті Аслан Темірханов.

Аслан Америкада бірқатар кәсіби қасиетін қалыптастырғанын айтады.

3.jpeg

"Менің мамандығыма қатысы болмаса да, қызмет көрсету саласында жұмыс істеген кезде көп нәрсе үйрендім. Қазақстан мен АҚШ-та қызмет көрсетудің үйрету деңгейі жер мен көктей. Мен тұтынушыға жоғарғы деңгейде қызмет көрсету, олармен қалай сөйлесу керектігін, қарсы алу мен шығарып салуды, тауарды сатып алу үшін қандай сөздер айту керектігін үйрендім", -  дейді ол.

Көпшілік Құрама Штаттарда тек жұмысшы болып істеуге болады деп ойлайды, бірақ ол қате пікір.

"Жұмыстар әр түрлі және олар көп. Мен аспазшы болдым, қарапайым тамақтарды әзірледім. Ал менің аспаз курсын бітірген танысым Вашингтонда су-шеф, яғни бас аспаздан кейінгі адам болып жұмысқа тұрды. Алайда, студенттерге өз бетімен жұмыс іздемеуге кеңес беремін. Арнайы компанияларға жүгінген абзал. Себебі жұмыс тапқан киын және кейбір сайттар сені алдап, соңында ақшасыз қалдыруы мүмкін, -  дейді студент.

Аслан бағдарламаға бір миллионға жуық теңге жұмсаған және бір жарым айда 1,7 миллион теңге тапты. АҚШ-та ең төменгі жалақы сағатына 7,25 доллар.

Студенттер жұмысқа келгенде ең адымен туындайтын қиындық - салық.

"Америкада барлық нәрсеге салық алынады. Мен оны төлейтіндей ешқайда бармадым, бірақ жалақы берген кезде белгілі бір соммада ақша ұстап қалды. Екі-үш салық түрі болды, мен Американың азаматы болмағандықтан білім алу, әскер және басқаларына төлемедім. Мысалы 1200 доллар табыс таптым десек, қолға таза 900 доллар алуым мүмкін, - деп Аслан өз тәжірибесімен бөлісті.

4.jpg

Ең бастысы, медициналық сақтандыру деді ол. АҚШ әлемдегі медициналық қызметі ең қымбат елдер қатарына кіреді. Медицина институтының мәлінше, медициналық сақтандырудың жетіспеуі жылына шамамен 18 мың адамның өліміне әкеледі.

"Медициналық сақтандыруды жасамаған менің досым төсектен түнде кездейсоқ құлап қалған еді. Алғашқы көмек көрсетіліп, гипс қойылғаны үшін одан бес мың доллар сұрады. Бұл толық сома емес, дәрі-дәрмектер үшін де түбіртек жіберетіндерін айтты", - деп еске алады Аслан.

5.jpg

Алматыдағы университеттердің бірінде оқитын Абзал Бектұрған Америкадағы алғашқы жұмыс күні туралы, ондағы бұзуға болмайтын қатаң ережелер жайлы айтып берді.

"Жұмыстың алғашқы күнінде мен достарыммен бес минутқа кешігіп келдім. Нәтижесінде барлығымыз бір күн жұмыссыз жүрдік. 100 доллардан айырылдым десе болады. Мен бағдарламаға үш мың доллар жұмсадым. Әлі күнге дейін Штаттардамын", - деді Абзал.

6.jpg

Астаналық жоғары оқу орнының студенті Дилара Тәжекенова Флорида штатындағы жұмыстың ұнамаған тұстарын айтып берді.

"Жұмыссыздықтың жоғары деңгейі көптеген қылмысқа әкеліп соқты, жұмыс берушіні табу өте қиын, ал кейбір тексерілмеген жерлер адамды алдап кетуі мүмкін", - дейді студент.

Work and Travel аясында Дилара сегіз мың АҚШ долларын тапқан және бағдарламаға үш мың доллар жұмсаған.

Студент Елдос Сайлауханов та қазір Америкада.

"Бұл үшін маған шамамен екі миллион теңге қажет болды, бірақ бұл менің бағдарламаға жұмсаған жеке шығындарыммен қосқандағы есеп. Мен Астанадан Мәскеуге, содан кейін Нью-Йоркке ұшып бардым, ал ол жақтан Панама-Ситиге автобуспен жеттім", - дейді Елдос.

 



Ұқсас тақырыптар