"Шешімді Президент қабылдайды" - Абаев Назарбаевтың 2020 жылғы сайлауға қатысуы жайлы

Назик.jpg

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020 жылы сайлауға қатысуы жайлы айтқан сөзіне пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"2020 жылға дейін әлі уақыт бар, Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлы айтып өткендей, бұл шешімді Мемлекет басшысы өзі қабылдайды. Меніңше, ұзақ уақыт бойы Президент болып жұмыс істеген адам, мұнымен қоса, оның Мемлекет басшысы ретіндегі үлкен тәжірибесін ескерсек, Мемлекет басшысы 2020 жылы өтетін президент сайлауына қатысса, Қазақстанның тек ұтатынына сенемін," - деді Абаев. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылы өтетін кезекті президенттік сайлауына қатыспайды деп есептейтінін айтқан еді.

kaz.tengrinews.kz



Ұқсас тақырыптар