ҰБТ-ның бірінші күні: 2 мыңнан аса түлек шектік деңгейге жете алмады

20 маусымда ҰБТ тапсырған 14 мың түлектің 2 102-сі шектік деңгейге жете алмады. Бұл туралы Ұлттық орталық тестілеудің директоры Рамазан Әлімқұлов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

убт.jpg

"Кеше 33 пункте ҰБТ өткізілді. 14 250 өтініш түсті, 13 897 адам қатысты. Бұл ҰБТ-ға өтініш қалдырғандардың 97,5 пайызы. Бір нәтиже күшін жойды. 11 795 түлек шектік деңгейден асты, 2 102-сі аса алмады, яғни, 15,2 пайызы", - деді Рамазан Әлімқұлов брифинг барысында. 

"Ең жақсы нәтиже 137 балл болды. 140 балл әлі ешкім алмады. (...)", - деді Әлімқұлов. 

Оның айтуынша, кеше алғаш рет ҰБТ-ны ағылшын тілінде алматылық түлек тапсырған.

kaz.tengrinews.kz



Ұқсас тақырыптар