Бес айда Қазақстаннан 40 мың адам кетті

4.jpg

Қазақстаннан өзге елдерге қоныс аударып жатқан қазақстандықтардың саны жыл санап артып келеді. ҚР ІІМ дерегі бойынша, 2018 жылы қаңтар мен мамыр аралығындағы небәрі бес ай ішінде 40 мың қазақстандық өзге елге көшіп үлгерді. 

Шет елге шығу үшін рәсімделген құжаттардың көбі Қостанай, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Алматы облыстарында тіркелген. Ал қазақстандықтар көбіне Ресей, Германия, Польша, АҚШ, Канада және Израильге қоныс аударыпты. 

Салыстырмалы түрде алып қарайтын болсақ, статистика Комитетінің деректеріне сәйкес 2017 жылы елден 37 725 адам шыққан. Осы жылы қоныс аудару көрсеткіші едәуір өскен.

ИА REGNUM агенттінің мәлімдеуінше, эмиграцияның өсуіне «жұмыс орындарының аздығы», «төмен жалақы», «жоғары білім сапасының төмендеуі», «жемқорлық және бюджеттік қаражатты тиімсіз пайдалану», «әйелдердің зейнетке шығу жасының артуы» сынды мәселелер әсер еткен көрінеді. 

Дереккөз: Қамшы 



Ұқсас тақырыптар