"Головкиннің алты жыл ұмтылғанын Усик бір турнирде істеді" - промоутер

Усик.jpgПромоутер Том Леффлер ауыр салмақтағы абсолют чемпион украиналық Александр Усиктің (15-0, 11 КО) жеңісі боксшыға үлкен мүмкіндіктерге есік ашқанын айтады.

Айта кетейік, Головкиннің промоутері Усиктің де ісін жүргізеді.

Бүкіләлемдік бокс суперсериясының (WBSS) финалында алғашқы ауыр салмақтағы WBC, WBA Super, IBF және WBO белбеулері үшін жекпе-жекте Усик ресейлік Мурат Гассиевті ұпай санымен жеңген болатын. Гассиевті қазақстандық Геннадйи Головкиннің бапкері Абель Санчес жаттықтырады. Сонымен бірге, Усик The Ring журналының титулы мен Muhammad Ali Trophy кубогын иеленді.

"Меніңше, бұл жеңіс Усикті бокс шыңына шығарды. Енді ол Геннадий Головкин, Теренс Кроуфорд және Василий Ломаченко сияқты мықтылар қатарында. Бұл жеңіс оған барлық есіктерді ашты деген ойдамын. Ол енді өз таңдауын жасай алады: Британияда Тони Белльюмен жұдырықтаса алады немесе АҚШ-қа НВО арнасына орала алады.

Усик - кәсіпқой бокстағы жалғыз абсолют чемпион. Бір турнирде ол Головкин алты жыл бойы ұмтылып келе жатқан жетістікке жетті. Бұл жетістікті жоғары бағалаймыз, енді еңбектің жемісін жейтін уақыт келді.

Александр турнирде үлкен табыс тапты және деңгейін жоғарлату үшін бірнеше рет чемпиондығын қорғай алады. Белльюмен расымен жұдырықтасқысы келе ме, барлығы соған байланысты. Егер Тони аса ауыр салмақта жұдырықтасқысы келсе, Усик салмақ қосады, ал егер британиялық чемпиондық төрт белбеу үшін жұдырықтасқысы келсе, ондай жекпе-жек ауыр салмақта өтеді", - деп келтіреді Леффлердің сөзін BoxingScene.com.

Дереккөз: vesti.kz         


Ұқсас тақырыптар