Сайрагүл Сауытбай бостандыққа шықты

photo5406572555705362773.jpg

Бүгін Панфилов аудандық сотында қытайдан келген этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайдың ісі қаралып, ол сот залынан босап шықты, деп хабарлайды Mezgil.kz  ақпарат агенттігі.

Соттың үкімімен Сайрагүл Сауытбайға алты айлық шартты жаза кесіліп, ол бүгін сот залынан босап шықты.

Бұған дейін прокурор Сайрагүл Сауытбайды мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін кінәлі деп танып, алты айға бас бостандығынан айыру, бірақ оны шартты жазаға ауыстырып, сот залынан босатуды сұраған еді.

Сот залынан босап шыққан Сайрагүл, өзіне қолдау білдірген барлық азаматтарға алғысын білдірді.

«Осындай шешім шығарған сотқа және осы іс төңірегінде жүгіріп жүрген барлық азаматтарға алғыс айтамын. Бірлігін көрсете білген қазақ елі тұрғанда біздің болашағымыз жарқын болады деп сенемін», - деді Сайрагүл.


Ұқсас тақырыптар