Данияр Елеусінов кәсіпқой бокста үшінші рет жеңіске жетті

2.jpg

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Кардиффте өткен бокс кешінде отандасымыз Габор Кирайды жеңді. Жекпе-жек жоспарланған 6 раундқа созылды. Алғашқы сәттерден бастап-ақ басымдықты ұстаған Данияр соңғы сәттерге дейін қарсыласын қыспаққа алумен болды. Бесінші раунд аяқталар тұста отандасымыздың қабағы жарылып, жарақат алды.

Оның алған жарақаты жекпе-жекті жалғастыруына кедергі болған жоқ. 6 жыл ішінде 35 жекпе-жек өткізген Габор да шыдап бақты. Нәтижесінде төрешілер шешімі бойынша отандасымыз айқын жеңіске жетті.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 28 сәуір күні өткізді. Нью-Йоркте өткен бокс кешінде америкалық боксшы Ноа Кидті 3 раундта техникалық нокаутпен ұтты. 7 маусымда Лондонда Золтан Шабоны ұпай айырмасымен жеңді.



Ұқсас тақырыптар