Спорт мектебінде намаз оқып жатқан балаларды жаттықтырушысы желкелеп алып кетті (ВИДЕО)

6.jpg

Намазға тұрған бірнеше баланы жаттықтырушысы күштеп алып кетті. Видео Facebook әлеуметтік желісіндегі «Жаға ұстатты» тобында жарияланды.

Видео авторы оқиғаның еліміздегі спорт мектептерінің бірінде болғанын жазады. Жаттықтырушы балалардан бөлмеден шығуын талап еткен. Алайда намаз оқып тұрған шәкірттер оның сөзіне құлақ та аспайды. Ашуға мінген ұстаз балаларды балағаттап, жайнамаздарын теуіп, оларды желкелеп бөлмеден қуып шыққан.

Желі қолданушыларының дені «балалардың бұл уақытта намазбен емес, спортпен шұғылданғаны дұрыс» деп, жаттықтырушының әрекетін қолдап жатыр. Десе де, «жайнамазды тепткені дұрыс болмады» деп оны сөккендер де бар.

Ұқсас тақырыптар