Қазақстандықтар несие бойынша қанша қарыз екені белгілі болды

3.jpg

Жеке тұлғаларға берілген несие (ЕДБ, МФҰ, онлайн және т.б.) 2018 жылдың маусым айының соңында 5,6 триллион теңге болды, бұл өткен айға қарағанда 2,3% артық, деп хабарланды Baq.kz ақпарат агенттігі Ranking.kz зерттеуіне сілтеме жасап.

Сарапшылардың пікірінше, берілген бөлшек сауда несиелердің жартысынан астамы салық салынбайтын несиелер, олардың үлесі бір айда 51,3 пайыздан 51,7 пайызға дейін өсті.

 Маусымда бөлшек сауда несиесін беретін онлайн-компаниялардың үлесі небәрі 2 пайыз болды, бұл биылғы ең төменгі көрсеткіш. Ал ең жоғарғы көрсеткіш 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында наурызда болған - 4,1 пайыз.

 Онлай-компаниялар интернет арқылы көп жағдайда 15 минутта несиені тез алуды ұсынады. Ең аз пайыз мөлшерлемесі күніне 0,25 тен 1 пайызға дейін, ең танымал пайыз мөлшерлемесі - 0,27 пайыз, ол жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің 100 пайызын көрсетеді.

Қарызды көбіне 1 айға (30-31 күн) алуға болады. Минимал мерзім - 21 күн, максимал - 365 күн.

Сегменттегі максимал сома - 300 мың теңгеге дейін. Көбіне таралған сома - 200 мың теңгеге дейін.

16 шілдеде Ұлттық банк онлайн-несиеге байланысты заңнамаға өзгертулер енгізген. Онда 100 пайыз жылдық мөлшерлемеге шектік уақыт бекітілді деп еске салады сарапшылар.

Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.



Ұқсас тақырыптар