Геннадий Головкин: Мен өзімді әлі де чемпион санаймын, ол да чемпионға тән өнер көрсетті

Орта салмақ бойынша WBC/WBA/IBO нұсқаларының экс-чемпионы, жерлесіміз Геннадий Головкин өзінің кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісі туралы ойымен бөлісті.

111.jpg

- Бүгінгі күн туралы көп нәрсе айтуға болады. Алайда, ең алдымен "Канелоны" құттықтағым келеді, өйткені ол үйіне жеңімпаз, чемпион болып қайтты. Бұл айқаста екеуміз де жақсы жұмыс істедік, жанымызды салып бокстастық. Мен өзімді әлі де чемпион санаймын, ол да чемпионға тән өнер көрсетті. Сондықтан бұл айқаста екі чемпион жұдырықтасты. 

Мен өзімді жақсы сезіндім. Жақсы жұмыс істедік деп ойлаймын. Соққылар алмастық, жекпе-жекті өз бақылауымызда ұстауға тырыстық. Оның бүгін қашқақтамай бокстасуы - жекпе-жекті ол бақылауында ұстады дегенді білдірмейді. Мен - боксшымын, әлі де өз жұмысымды жалғастыра беремін. 

Әрине, үшінші кездесуді өткізсек тамаша болар еді, біз бұл туралы әлі сөйлесеміз. 

sports.kz


Ұқсас тақырыптар