Астана әкімдігі алматылық студенттерге гранттар бөлді

3.jpg

Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев «Қазақстан аймақтарындағы Астана күндері» жобасы аясында Алматы қаласындағы Менеджмент университетінің студенттерімен кездесті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласының әкімдігі «Smart City» бағдарламасын дамыту үшін еліміздің іскер қаласына арнап  болашақта маңызы бар мамандықтарға инвестиция құюға дайын. Осы мақсатпен қала басшылығы «Кәсіпкерлік саласында бизнесті басқару» және «Business analytics and big data» мамандықтарына бакалавриат бағдарламасы бойынша гранттар бөлген болатын.

«Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Астана қаласы биыл тұңғыш рет қаланың еңбек нарығына қажетті мамандарды даярлау үшін еліміздің бірқатар жоғары оқу орындарына арнайы гранттар бөліп отыр, оның ішінде сіздердің университетке ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша – 14, менеджмент мамандығы бойынша – 34 грант бөлінді», - деді кездесу барысында Е.Аманшаев.

Бағдарлама мақсаты кәсіпкерліктің экономикалық, ұйымдық және әлеуметтік даму, жаңа компания құру дағдысы, стартап жобаларды әзірлеу мен коммерцияландыру дағдылары бар, басқару саласының жоғары білікті менеджерлерін дайындау.

Кездесу барысында Астана қаласы әкімінің орынбасары жеңімпаздарға сертификаттарды табыстап, құттықтады.


Ұқсас тақырыптар