Қазақстанда халық саны 18,31 миллионға жетті

Астана, BAQ.KZ. 2018 жылы 1 қыркүйекте еліміздегі халық саны 18 миллион 311,1 мың адамға жетті. Бұл 2017 жылдың 1 қыркүйегімен салыстырғанда 237,6 мың адамға немесе 1,3% көп. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті мәлімдеді.

Статистика бойынша, қала тұрғындарынң саны 10 млн 555,8 мың адам немесе жалпы санның 57,6%-ы, ал ауылдарда тұратын тұрғындар саны 7 млн 555,9 мың адам немесе жалпы санның 42,4%-ын құрайды.

2018 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында дәл бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда Қазақстанға көшіп келгенлер саны 22% азайған, ал көшіп кеткендер сағы 13,9% көбейген.



Ұқсас тақырыптар