"Қайрат" бас бапкерді қызметтен босатты

2.jpg

Алматы. BAQ.KZ. Алматылық “Қайрат” командасы бас жаттықтырушы Карлос Феррермен “қош” айтысты. Бұл жайында “Қайрат” ФК-ның қадағалау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев баспасөз мәжілісінде айтты, деп жазды Vesti.kz.

“Бүгін Феррермен келісімшарт жойылды. Ол алға қойған міндеттерді ақтай алмады. Өте жақсы маман, дегенмен оған тәжірибе жетіспеген секілді. Сондай-ақ тілдік кедергі де өз салдарын тигізді. Өз кезегінде ол ренжіді, бірақ жұмыстан босатылуын сабырлы қабылдады. Біз соңғы жылдары жастарды көтермелеумен айналыстық. “Қайраттың” жаңа даму векторын ұстанғанына еш өкінбейміз”, - деді Боранбаев.



Ұқсас тақырыптар