Мэнни Пакьяоның келесі жекпе-жегі қашан өтетіні анықталды

3.jpg

Showtime телеарнасы филиппиндік әлем чемпионы Мэнни Пакьяо мен төрт дивизион бойынша чемпиондық белбеулердің иегері Эдриен Бронер арасындағы жекпе-жектің қашан өтетінін ресми түрде мәлімдеді.

Екі боксшы 19 қаңтар күні Лас-Вегаста рингке шығады. Көрермендер Showtime телеарнасының ақылы трансляциясы арқылы жекпе-жекті көре алады.

Пакьяо осыған дейін 60 жекпе-жек өткізіп, жетеуінде жеңіліп, екі жекпе-жегінде тең түсті. Бронер 33 кездесу өткізіп, оның үшеуінде жеңіліс тауып, біреуінде тең түсті.

Пакьяо соңғы жекпе-жегінде Лукас Матиссені техникалық нокаутпен жеңді. Ал Бронер болса Джесси Варгаспен тең түсті.

BAQ.KZ.



Ұқсас тақырыптар