Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы – тек қана Қазақстан тарихын талқылайтын мақала емес – са

Новый рисунок.png

Өткеннің негізгі кезеңдерін талдай келе, болашаққа қатысты нұсқаулар беретін Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы – тек қана Қазақстан тарихын талқылайтын мақала емес. Мақаланың негізгі ойы бір – рухани жаңғыру әрі қарай жалғасын табады. Егер ата-бабаларымыз әлемдік өркениетте жетекші орынға ие болса, неге біз соны қазір істей алмаймыз? Табылған тарихи жәдігерлер өз заманының ең озық технологиялық инновацияларымен тығыз байланыста болып, тарихтағы Ұлы дала орнын жаңадан қарастыруға мүмкіндік береді.

Бізде елеусіз қалдыруға болмайтын бай тарихымыз бар. Біздің тарихымыз – Қазақстан халқының күшті біріктіруші факторы, барлық азаматтар үшін шабыт көзі. Адам-жұрт ата-бабалардан қалған дәстүр мен тарихты маңызды деп танығандықтан, өзін белгілі бір тұтастықтың бөлігі ретінде сезінеді. Бір дәстүр мен тарихты ұстанатындар көзге көрінбейтін, бірақ өте тұрақты байланыспен бірігіп, басқалармен ынтымақтастық сезімін тудырады. 

Мақалада айтылған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа тармақтары біздің ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы сақтаған мұраларын жаңартуға мүмкіндік береді. Бұл Қазақстанды цифрландыру заманында өте маңызды іс болғал отыр. 


Акатаев А.А., «Нұр Отан» партиясы 

Стратегиялық бастамалар институтың сарапшысы



Ұқсас тақырыптар