Қазақстанда IQOS темекі қыздыру жүйесінің жаңа нұсқасын ұсынды

19.jpg

Компания түтінсіз және күлсіз болашақты жақындату үшін IQOS-ты жетілдіруді жалғастыруда. 

Алматы, 26 қараша 2018 — “Филип Моррис Интернэшнл” (ФМИ), әлемдегі түтінсіз инновациялар мен ілеспелі ғылыми зерттеулер саласындағы көшбасшы, шылымқұмарларға үздік таңдау ұсынуға ұмтылу жолында Қазақстанда IQOS темекі қыздыру жүйесінің жаңа нұсқасын ұсынды. 

IQOS 3 және IQOS 3 MULTI жаңа құрылғылары тұтынушылармен кері байланысты ескере отырып жасалды. Бұл байыпты ғылыми қорға негізделген темекі қыздыру технологиясын қолдана отырып, дизайны мен сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Құрылғылардың жаңа нұсқалары көптеген кәмелетке толған шылымқұмарлардың сигареттердің түтінсіз баламасына ауысуына көмектесу үшін жасалған. 

20.jpg

Жаңа өнімдер алғаш рет 23 қазанда Токио қаласында көрсетілді. Жапония әлемдегі IQOS тұтынушылар саны жөнінен алда болып келеді. Бүгінде 6 миллионға жуық кәмелетке толған шылымқұмарлар құрылғаны пайдалануды жөн көрсе, олардың жартысынан астамы – жапониялықтар. Орта есеппен IQOS тұтынушыларының 70-80%-ы темекі шегуден бас тартады, бұл бүгінде құрылғы темекі шегудің ең тартымды түтінсіз баламасы екенін дәлелдейді.

«Біз шылымқұмарларға зияны аз баламаны ұсыну ниетімізді басшылыққа алдық, ал IQOS-пен біздің армандарымыз шындыққа айналады; бұл - бүкіл дүниежүзіндегі 1,1 млрд. шылымқұмар үшін нағыз революция», - деді «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС басқарушы директоры Айбат Ахметалимов. «IQOS 3 және IQOS 3 MULTI – айтарлықтай жетілдірілген инновациялық өнімдер, бұлармен біз шылым шегетін бүкіл ерлер мен әйелдерді түтінсіз баламаға ауысуға көндіру үшін бір қадам жақындай түсеміз. IQOS пайдаланушылары бұл өнім олардың өміріне көптеген оңды өзгерістер алып келетінін біледі және біз оларға алғыстымыз». 

ФМИ компаниясының әр инновациясы мықты ғылыми қорымен жасақталған. ФМИ-дің ғылыми бағалау бағдарламасы фармацевтикалық өнеркәсіптің көпжылдық тәжірибелеріне негізделген, сондай-ақ АҚШ-тың Тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектер сапасын қадағалау басқармасының (FDA) нұсқаулықтарына сәйкес келеді. Темекі жанудың орнына қыздырылатындықтан, темекі түтініндегі зиянды және әлеуетті тұрғыдан зиянды болатын заттардың деңгейі ғылыми зерттеу жұмыстарында пайдаланылатын стандартты темекінің түтініне қарағанда, орташа есеппен алғанда, 90-95%-ға қысқарады.  Бүгінгі таңдағы зерттеулердің қолда бар нәтижелері IQOS-қа толық ауысудың Сіздің денсаулығыңызға шылым шегуді жалғастыра беруге қарағанда қаупі төмен екенін көрсетеді. Маңызды ақпарат: бұл IQOS жүйесін пайдаланудың қауіпсіз екенін білдірмейді. Нәтижелер ФМИ өткізген клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулер барысында алынды. Бұлар сондай-ақ, IQOS бөлмедегі ауа сапасына жағымсыз әсер етпейтінін дәлелдейді. 

23.jpg

ФМИ-дің темекі түтінсіз болашақ жайындағы идеясы туралы көбірек www.pmi.com корпоративтік сайтынан білуге болады.  

«Филип Моррис Интернэшнл Инк.» (ФМИ): әлемдегі әйгілі 15 халықаралық темекі брендінің 6-уын иеленетін жетекші халықаралық темекі компаниясы. ФМИ өнімдері әлемнің 180-нен астам елінде сатылады. Сигареттерді өндірумен және сатумен қатар, әлемдегі ең өтімді халықаралық марка Marlboro-ны және басқа темекі өнімдерін қоса, ФМИ тәуекелі әлеуетті түрде төмендетілген өнімдерді (ТТӨ) әзірлеумен және коммерцияландырумен айналысады. Тәуекелі төмендетілген өнім (әрі қарай ТТӨ) – өнімдердің осы түріне ауысқан шылымқұмарлардың шылым шегуді жалғастыру кезіндегі денсаулықтарына зиян келтіру тәуекелімен салыстырғанда денсаулыққа зиян келтірудің төмендетілген қаупі бар, бар болуы мүмкін немесе әлеуетті тұрғыда бар болуы мүмкін өнімдерді көрсету үшін ФМИ компаниясы қолданатын термин. Өнімдерді әзірлеу саласындағы үлкен мүмкіндіктердің, техниканың соңғы жетістігіне сәйкес жабдықталған өндіріс орны мен темекі индустриясындағы алдыңғы қатарлы ғылыми дәлелдік қорының арқасында ФМИ кәмелетке толған шылымқұмарлардың қалауларының кең ауқымы мен заңнаманың қатаң талаптарына жауап беретін ТТӨ портфолиосын ұсынуға тырысып келеді. Компания туралы толығырақ www.pmi.com немесе www.pmiscience.com ресми сайтынан білуге болады.

«Филип Моррис Қазақстан» (ФМҚ) ЖШС: ФМИ-дің Қазақстандағы үлестес компаниясы, оның тарихы 1993 жылы «Алматы Темекі Компаниясы» АҚ сатып алудан бастау алған. ФМҚ иелігінде Алматы облысында орналасқан заманауи фабрика бар. Бүгінгі таңда компания Қазақстанда сату үшін және Орта Азияның өзге елдеріне экспорттау үшін темекінің әйгілі халықаралық брендтерінің ауқымды ассортиментін өндіреді. 



Ұқсас тақырыптар