Жол қозғалыс қауіпсіздігінің жағдайы талқыланды

001.jpg

2018 жылдың 28 қарашасында Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институт бастығының бастамасымен жалпы әскери пәндер кафедрасының оқытушылары жоғарғы оқу орнында «Қазақстан Республикасындағы жол қозғалыс қауіпсіздігі. Жағдайы және келешегі» атты республикалық ғылыми-теориялық конференциясын ұйымдастырып өткізді.

Конференция Қазақстан Республикасындағы жол қозғалысы қауіпсіздігінің жай-күйін талқылау, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде әскери автомобиль техникасы мен жауынгерлік машиналарды апатсыз пайдалануды және  әскерлерді апатсыз тасымалдауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу, Қазақстан Республикасындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін дұрыс түсіну туралы ортақ пікір қалыптастыру, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланына, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне қарасты жоғарғы әскери оқу орындарында курсанттар құрамынан көлік құралдарының жүргізушілерін дайындау тәртібін талқылау мақсатында өткізілді.

Пленарлық отырысты аша отырып, конференция қатысушылары мен қонақтарына Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бастығы Әскери іс және қауіпсіздік магистрі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің докторанты полковник Асқар Досбосынұлы Мұстабеков құттықтау сөз сөйледі.

002.jpg

Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның жұмысына Алматы қаласы полиция департаменті, Алматы өңірлік гарнизонының әскери полиция жасағының лауазымды тұлғалары, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институты, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т. Я. Бегелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институты, Құрлық әскерлері Әскери институты, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Академиясы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Мақан Есболатов атындағы Алматы Академиясының өкілдері, Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарының әскери кафедралары, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Л. Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясының және Қазақ спорт және туризм Академиясының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.

Сырттай түрде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің өкілдері қатысты.

Пленарлық отырыс барысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызметті мемлекеттік басқарудың тиімді жолдарын әзірлеу мәселелері, Қазақстан Республикасында жол қозғалысы қауіпсіздігін, көлік қауіпсіздігін ұйымдастыруды және қамтамасыз етуді жетілдірудің негізгі бағыттары, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің алдын алу жұмыстары, балалардың жол-көлік қозғалысынан жарақаттанудан алдын алу, Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін жетілдіру мәселелері қаралды.

Алматы қаласы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы полиция подполковнигі Өтегенов Еркін Тәжібекұлы ішкі істер министрлігінің жол-көлік оқиғаларының алдын алу, көлік жұмысын жақсарту бойынша жүргізген жұмысы туралы ақпарат берді. Конференция қатысушылары фото, бейнетіркеу жүйелерінің, соның ішінде "Сергек" бейне бақылау жүйесінің жұмысына ерекше қызығушылық танытты.

Өз кезегінде профессор-оқытушылар құрамы, жоғары оқу орындарының студенттері өз баяндамаларында Қазақстан Республикасында жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту жолдары мен тәсілдерін ұсынды. Қазақстанның көрнекті ғалымдары Көлік және автомобиль жолдары саласындағы кітаптарының, өнертабыстардың, соның ішінде соққының күшін жоятын кедергілердің жаңа құрылымдарының тұсаукесерін өткізді.

Жоғары әскери оқу орындарының өкілдері көлік жүргізушілерін даярлаудың өзекті мәселелерін баяндады, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында жүргізушілерді дайындауды ұйымдастыру бойынша тәжірибесімен бөлісті.

Жалпы конференция жұмысы мазмұнды болды, конференцияға қатысушылар, әсіресе студенттер, жоғары оқу орындарының курсанттары жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік мекемелердің күрделі жұмысы туралы көрнекті түсінік алды.

Конференция қорытындысы бойынша қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызметтің басым бағыттарын анықтайтын ұсыныстар қабылданды.


Жалпыәскери пәндер кафедрасының 

оқытушысы әскери іс пен

 қауіпсіздіктің магистры подполковник Анефияев Т.Е., 

РЭжБӘИИ, Алматы қаласы



Ұқсас тақырыптар