Тұңғыш Президент күніне арналған концерт

IMG-20181202-WA0000.jpg

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқу театрында ҚР 1 желтоқсан – Тұңғыш  Президент күніне арналған салтанатты жиында естен кетпес қызықты мерекелік концерт өтті. 

IMG-20181202-WA0003.jpg

Салтанатты кешті Біріккен Араб Әмірліктері Халықаралық мәдени дипломатия институтының төрағасы Мухаммед Камиль Али Муейни бастаған делегация құрамы, Академияның ұстаздары мен студенттері, зиялы қауым өкілдері тамашалады. Атап айтсақ, араб елінің  мәдениет саласы өкілдері Академиямен мәдени байланысты кеңейтуге арнайы келген болатын.

IMG-20181202-WA0001.jpg

Жиналған қауымды  Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров құттықтап, өзінің жүрекжарды тілегін білдірді. Ол өз сөзінде «Мемлекет басшысының елімізді аяғынан тік тұрғызып, елімізді әлемге танытудағы еңбегі ұшан-теңіз. Әсіресе, қазақ елінің мәдениеті мен өнері өркениетті мемлекеттердің қатарында әлемге әйгілі болғанын зор мақтанышпен айта аламыз. Қазіргі таңда кең байтақ елімізде Елбасының атқарылып жатқан игі істер тәуелсіз Қазақстанды бұдан да биік шыңдарға көтере бермек» - деп айрықша атап айтты. 

IMG-20181202-WA0002.jpg

Сондай-ақ, кеш соңында Академия басшылығы мен араб елінің мәдениет өкілдері екіжақты мәдени байланыстың ынтымақтастық бағыттары  жөнінде пікір алмасты.



Ұқсас тақырыптар