Алматыда ерекше фестиваль өтті

NL0A3080.jpg

Алматы қаласында «3.2.1. Старт!» фестивалі өтті. «3.2.1. Старт!»  фестивалі экология саласындағы жастар бастамаларын қолдауға бағытталған, деп хабарлайды Mezgil.kz ақпарат агенттігі.

Фестиваль аясында отандық эко-өндірушілердің көрмесі өтті, онда 15 компания өз өнімдерін ұсынды. Арман Тосқанбаев, Айбек Рахим және басқа да жас кәсіпкерлер эко-жобаларды жүргізу және алға басу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Келген қонақтар «Ойлау дизайны» бірегей тренингіне қатыса алды. Тренинг жастарға өз идеяларын дұрыс тұжырымдауға және жүйелендіруге, оларды жұмыс үлгілеріне айналдыруға және өз жобаларын жүзеге асырудағы алғашқы қадамды жасауға көмектесті. Тренингтің барлық қатысушылары арнайы сертификаттарға ие болды.

Байқау ұйымдастырушысы Алима Исембаеваның айтуынша, бүгін Қазақстанда қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған жобалар көп емес. Ал осы арада, қоршаған ортаны қорғау мәселесі өткір тұр. 

NL0A3112.jpg

«Экология тақырыбы - біздің ортақ болашағымыз. Біз жастар бастамаларын қолдауға және жастар эко-қоғамдастығын құруға бағытталған «3.2.1. Старт!» жобасын үшінші жыл өткізіп отырмыз. Біздің жастарымыз өте дарынды және белсенді. Көбінесе оларға білім, материалдық қор және жігерлілік жетіспейді. Оларды біреу қолдау керек. Сол сенімді серік ретінде біздің «3.2.1. Старт!» жобасы шықты. Сайыс енді ғана шыққан кезде, бізге түскен жас адамдардың идеялары шала болатын. Бірақ қатысушылар үйреніп, сынап көріп, бүгінгі таңда, грант ұтып алмағандар да, өз экожобаларын белсенді түрде іске асырып, табыс көруде. «3.2.1. Старт!» жобасының арқасында жас қазақстандықтар экоидеялар бізді жан-жақта қоршап жүргенін түсінеді. Бүгінгі отандық экоөндірушілердің көрмесі соған дәлел» - деді Алима Исембаева.

«3.2.1. Старт!» сайысы үш жыл қатарынан өткізіліп отыр. Бұл 18 жастан 29 жасқа дейінгі аралықтағы жастарға арнайы экологиялық мәселелерді шешу бойынша идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұған Қазақстанның барлық аймақтарының жастары қатыса алады. Сайыстың сыйлық қоры – 3 миллион тенге.

NL0A3368 (1).jpg

«3.2.1. Старт!» грант алып қана қоймай, сонымен қатар жобаларды шығаруға және алға бастыру бойынша білім алуға мүмкіндік береді. Бұл жылы финалға қатысушылар  жоба менеджментін толық терең өтіп, бизнес-жоспарлауға, маркетинг және PR-стратегияларын үйреніп, екі күндік bootcamp оқуын өтуде. 

Сайыстың өткен маусымында еліміздің түкпір түкпірінен 80-ге жуық жастар қатысты. Биопакеттердің өндірісі, пластикты жою аппараттары, ағынды суларды тазартарту фильтрі, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптайтын экобокстар және біздің елде қоршаған ортаны жақсарту үшін басқа да көптеген шешімдер ұсынылды. 



Ұқсас тақырыптар