10 жыл бойы күйеуінің езгісіне төзіп келген

1.jpg

Елімізде қыз-келіншектерді зорлап, оларға хәбір көрсету фактілері тыйылмай тұр. 

Мұндай статистика еріксіз жаға ұстатады. Мамандардың дерегінше, ай сайын 100-ге жуық әйел,  мен 10-шақьты бала зорланады екен. Ал тіркелген осындай қылмыстардың көбі сотқа жетпей, жабулы қазан жабулы күйінде қалады, дейді қоғам белсенділері. Сонда нәзік жандардың арларын таптап, өрімдей жеткіншектердің жанына өмірлік жара салатындардың кейбірі неге жазадан сытылып кетеді? Бұған не себеп? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Қоғам белсенділерінің дерегіне сүйенсек, елімізде биыл  9 айда кәмелетке толмаған 84 бала зорланып, 88-і жыныстық әрекетті бастарынан өткерген, балаларды азғындыққа итермелеген 138 дерек тіркеліпті. Бұдан бөлек, 914 әйел зорланып, 204 зәбір  көрген. Қарапайым арифметикаға салсақ, ай сайын 100-ден астам әйел, 10-шақты бала зорланады деген сөз. Ал мамандардың сөзінше, мұндай қылмыс жасаған қаскөйлердің көбісі заң алдынданда жауап бермей, жазадан сытылып кетеді екен. Себебі, заң әлсіз!.

«Депутаттар мен Үкімет басындағылар  мына мәселеге назар салса екен деймін! Бізде зорлық-зомбылық көрген әйелдер полицияға барып арызданса, оның тиран күйеуі тек айыппұл төлеп сытылып кетеді. Бұл - масқара ғой! Мәселен, біз айналысқан істердің ішінде әйел адамның денсаулығына орасан зор залал келтірген күйеуі тек бір жылға шартты түрде жазаға тартылып,  ең максималды айыппұл төлеумен шектелген. Ал әйелдің омыртқасы сынып, бас миы зақымданған. Яғни, ол өмір бойына мүгедек болып қалды» - дейді «НЕМОЛЧИ.KZ» қорының жетекшісі Дина Смаилова.

Қыздың тәрбиесіне зор мән беретін  қазақ қоғамында заңның осылайша әлсіз болуы ,әрине, өкінішті. Мәселен, алысқа бармай, оңтүстіктегі көршілерімізді алайық. Тәжікстан мен Өзбекстан елдерінде жыныстық зорлық көрсеткендерге қатысты заң бізге қарағанда анағұрлым қатаң. Аталған елдерде сексуалды сипаттағы зорлық және басқа да әрекет жасағандар 3 тен 7 жылға түрмеге жабылады. Ал Қырғызстанда одан бетер. 5 жылдан 7 жарым жылға дейін сотталып қана қоймай, тараптардың татуласу мүмкіндігі мүлде қарастырылмаған. 

«Министр Қасымов бір мәлімдеуінде, елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық 35 пайызға дейін төмендегенін айтып өткен еді. Бірақ, ол қыз-келіншектердің сотқа жүгінбейтініне тоқталмады ғой. Өйткені, барлығы тек айыппұлмен аяқталады. Мәселен, 18 285 жағдайда іс әкімшілік жауапкершілікпен біткен. Ал 10 788-і арыздарын алып кетуді жөн көрген. Себебі, қылмыскерлер түрмеге торытылуы керек. Ал   олар тек адам өлтірген жағдайда ғана бас бостандығынан айырылады» - дейді «НЕМОЛЧИ.KZ» қорының жетекшісі Дина Смаилова.

Осындай зорлық-зомбылық көргендердің бірі - павлодарлық Ардақ Абдуаллиева. Оны кәмелетке толмай тұрғанда ер адам өзіне күштеп үлендіріп, 10 жыл бойы білгенін істеп келген көрінеді. Тіпті, бұйрықпен ғана жүріп-тұрғызыпты. Ең сорақысы, некеде туған үш баласын тартып алып,  өзін үйден  қуып жіберіпті,дейді қоғам белсенділері.

«Оған 15 жасымда тұрмысқа шықтым. Әрине, ол маған қол көтерді. Мен оны айтуға ұялатынмын. Барынша жасыруға тырысатынмын. Бізбен бірге енеміз тұрды. Ол осының барлығына куә болып жүрді.  Менің балаларымды қайтарып берулерін қалаймын. Мен  10 жыл қатарынан қысым көріп, тіпті рұқсатсыз сыртқа да шыға алмайтын халде болғам» - жәбірленуші Ардақ Абдуаллиева. 

Ардақ үшін жақында жарқын күннің тууы әбден мүмкін.  Бүгінде ананың балаларымен қосылуы үшін заңгерлер қолдан келгеннін бәрін жасауда екен.   

«Қазіргі таңда ол сот-сараптамалық өткізіп жатыр, психологиялық. Балаларды тексеріп. Ардақ өз еркімен балаларды тастаған жоқ. Балалардың әкесі оны үйден қуып шыққан. Сол қандай күйде болды тәпішкемен, халатымен қуып шыққан. Үш баланы өз құшағында қалдырған. Бір жыл болды Ардақ соттасып жүр. Балаларды заңды түрде өзіне қайтарып алуға үміті бар» - дейді адвокат Күміс Түсіпбаева.

Қоғамдық қозғалыс өкілдері депутаттарға үндеу тастап, заң талаптарын қатаңдатуға шақырып отыр! Балалар құқығы жөніндегі арнайы уәкіл болған Зағипа Балиева заңға қатысты бүй дейді.

«Қылмыстық кодексте және басқа заңдарда оны жазаға тарту баптары бар. Бірақ, бүгіннен бастап тағы көзқарасымызды өзгертуіміз керек. Себебі, ол көбейіп бара жатыр. Оны біріншіден анықтап алу керек, не себептен? Сонан кейін жолын табу керек. Мүмкін қылмыстық заңға, бүгінгі баптарға тағы да көбірек не қосып қатаң қарау керек» - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зағипа Бәлиева.  

Жыныстық зорлық әрекеттерге қатысты заң қашан күшейтілетіні белгісіз. Тек қоғам белсенділері мұнытезірек қолға алмасақ ар-ұяттай жұрдай кейбір ер адамдар қыз-келіншектер мен жас балаларға білгенін істей береді деп дабыл қағуда. 



Ұқсас тақырыптар