10-қабаттан банкі лақтырып, кішкентай баланы жарақаттаған әйел сотталды

8.jpg

Семейде оныншы қабаттан шыны банкі лақтырып, 9 жасар баланы жарақаттаған әйел жарты жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат 24.kz порталына сілтеме жасап.

Семейде 38 жастағы әйел екі литрлік құтыны 10-қабаттың балконынан лақтырғаны үшін сотталды. Оқиға өткен жылдың жаз айында орын алған. Шыны ыдыс төменде ойнап жүрген баланың басына құлап, қатты жарақаттаған. Ал кінәлі тұлға бұл әрекеттің әдейі істелмегенін, тек ыдыстағы жұмыртқаның қабығын түсіремін деп байқаусызда қолынан сырғып кеткенін айтып ақталды. Әйелдің сол сәтте ішімдік ішкені де сараптама қорытындысымен дәлелденген.

Сот оны 6 айға бас бостандығынан айырып, жәбірленуші тарапқа моральдық шығын ретінде 500 мың теңге өндіру туралы шешім қабылдады. 

«Банкінің өз салмағы бар. Физика заңына сүйенсек, ол төмен құлдилдағанда тіпті ауырлай түседі. Яғни 10-қабаттан жерге түскенше, шамамен 30 метр биіктіктен баланың басына құлағанда жарақаттың қандай ауыр болатыны айтпаса да түсінікті», дейді жәбірленушінің қорғаушысы Мейірхан Сейілбаев.



Ұқсас тақырыптар