Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен телекөпір басталды

1.jpg

ЭКСПО Конгресс орталығында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» телекөпірі басталды.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Индустрияландыру күні аясында онлайн режимде бірқатар индустриялық, инфрақұрылымдық, аграрлық және цифрлық жобаларды іске қоспақ.

Индустрияландыру бағдарламасы іске асырылған жылдары барлығы 6,6 трлн теңгеден астам соманың 1 148 жобасы іске қосылып, 107 мың тұрақты жұмыс орны ашылған. Соның ішінде индустрияландырудың бірінші бесжылдығы -2010 – 2014 жылдары Индустрияландыру картасы аясында 3 трлн теңгенің 770 жобасы іске қосылып, 76 мың тұрақты жұмыс орны ашылған.

Индустрияландырудың екінші бесжылдығы - 2015-2017 жылдар басталғалы 3,1 трлн теңгенің 378 жобасы іске қосылып, 31 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.

2018 жылы жалпы сомасы шамамен 1,2 трлн теңге болатын 100 нысан қатарға қосылып, 13 мың адамға жұмыспен қамтамасыз етілді.


Baq.kz



Ұқсас тақырыптар