Жыл соңына дейін Алматы облысында газдандыру деңгейі 30%-тен асады

DSC_3692.JPG

Газдандыру бойынша Талдықорған қаласында қалаішілік жүйелерді жүргізудің құрылысы жалғасуда, Текелі қаласына дейінгі газ құбыры іске қосылды, Бақанас, Үштөбе, Сарыөзекте жеткізгіш газ құбырлары бар 3 АГБС-тың құрылысы басталды. Жалпы облыста газдандыру жұмысы 14 ауданда жүріп жатыр. Таратушы газ жүйесінің құрылысы жеке инвестиция есебінен жүргізілуде. Бұл туралы бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты. 

Биылғы жылы бюджеттен 9,6 млрд.теңге бөлініп, 36 млрд.теңге жеке инвестиция тартылды, яғни бюджет қаржысының 1 теңгесіне жеке қаражаттың 3 теңгесі сәйкес келеді. Жыл соңына дейін газдандырылған елді мекендердің саны 142-ге жетеді, газдандыру деңгейі 30%-тен асады деп жоспарланып отыр. 



Ұқсас тақырыптар