Мәдениет және спорт қайраткерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды

6.jpg

Елордадағы «Қазақстан» концерт залында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәдениет, өнер және спорт қайраткерлерін марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арыстанбек Мұхамедиұлы құттықтау сөзінде Қазақстан Тәуелсіздігі күні елдің әрбір азаматының өмірінде маңызды мереке екендігін айтып өтті.

«Бүгін барлығымыз еліміздің Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жиналып отырмыз. Бүгін ғана түсте Ақордада өзіміздің әріптестеріміз, елімізге еңбек сіңірген көптеген азамат марапатталған болатын. Әрине, әркімнің еңбегінің жанып-жатқаны отбасының немесе әулеттің ғана емес, бүкіл елдің қуанышы. Бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, алдағы уақытта үлкен жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспін», - деді жиында сөз сөйлеген министр.

Мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан келесі азаматтар марапатталды:

«Парасат» орденімен:

М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК жоғары дәрежелі әртісі Ғазиза Әбдінәбиева; 

Киноактер Ысмағұлов Асылболат Кәкенұлы;

А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі» РМҚК көркемдік жетекшісі Ли Людмила Мунсековна.

ІІ дәрежелі «Достық» орденімен:

«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры КЕАҚ балет педагогы Заклинский Константин Евгеньевич.

«Құрмет» орденімен:

«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры КЕАҚ жетекші балет солисі Мадина Басбаева;

Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік қазақ драма театры МКҚК әртісі Тәшімова Нұрзада Тұрсынбекқызы;

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы РМҚК эстрада тобының жетекшісі Әуелбекова Мөлдір Есіркепқызы;

«Астана балет» ЖШС балет солисі Ахмедьяров Қазбек Ғазизұлы

Суретші кескіндемеші БАйбосын Мұхтар Қайратұлы;

Айтыс ақыны Әсия Беркенова.

ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен:

Домбыра шебері Мұсаев Сұлтан Жақсылықұлы.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен:

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» КЕАҚ директорының орынбасары Савостьянов Александр Александрович.

Сонымен қатар мәдениет, спорт және тілдер дамуы үшін үлес қосқан азаматтарға «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасының құрмет грамоталары және «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталды.

Медальмен марапатталғандардың арасында елімізде және халықаралық деңгейде танымал ғалымдар, әртістер және спортшылармен қатар күнделікті еңбегі елеусіз, бірақ қоғам өмірі үшін маңызды қызметкерлер де бар.



Ұқсас тақырыптар