"Айка" фильмі "Оскардың" алғашқы тоғыздығына кірді

3.jpg

Еліміздің танымал актрисасы Самал Есләмова ойнаған "Айка" фильмі "Оскар" сыйлығына үміткер алғашқы тоғыздығына кірді. Бұл туралы Америка киноөнер академиясыныңсайтында хабарланды.

Режиссер Сергей Дворцовтың каринасы "Өзге тілдегі ең үздік фильм" аталымы бойынша үздік ондықтың бірі.

"Айка" драмасы Қазақстан атынан қатысп жатыр. Мұнан бөлек шорт-листке төмендегі тоғыз картина ілінген.

«Құстар көші» (Birds of Passage, Колумбия),

«Күнәлі» (The Guilty, Дания),

«Ешқайда қарауға болмайды» (Never Look Away, Германия),

«Шоплифтерлер» (Shoplifters, Япония),

«Капернаум» (Capernaum, Ливан),

«Рома» (Roma, Мексика),

«Сұрқай соғыс» (Cold War, Польша),

«Өртенген» (Burning, Южная Корея).

"Айка" фильмінің сюжеті - қырғызстандық еңбек мигрантының өмірі мен оның Мәскеуде көрген қиыншылықтары туралы. Басты рөлді қазақтснадық актриса Самал Есләмова сомдаған. Ол осы фильмдегі рөлі арқылы 71-ші Кан кинофестивалінде "Ең үздік әйел рөлі" аталымына ие болған.



Ұқсас тақырыптар