Таиландта ондаған мың тұрғын дауылдан сескеніп үйлерін тастай қашты

4.jpg

Оңтүстік Тайланд провинциясының теңіз жағалауындағы аудандарының тұрғындары тропикалық «Пабук» дауылының жақындап қалғандығына байланысты үйлерін тастап, қорғануға болатын баспаналарға ауысуда.

Бейсенбі күні Bangkok Post газеті қолайсыз ауа райы аумаққа 4 қаңтарда жететіндігін жазды. Бар назар жағалаудың 220 шақырымы тиесілі Накхонситхаммарат провинциясына тігіліп отыр. Жұма күні кешке қарай мұнда сұрапыл нөсер жауады. Соған орай өңір аумағында 86 мың адам сиятын 90 баспана дайындалды.

Тайланд Метеорологиялық департаменті Сиам шығанағындағы дауыл батысқа қарай сағатына 65 шақырым жылдамдықпен жылжып келе жатқандығын ескертті.

Биліктің ақпаратына сәйкес жағалауда тұратын 30 мың адам қауіпсіз орындарға көшірілген. Жұма күні провинциядағы мектептердің бәрі жабылады.

Дауылдың жақындап қалғанына байланысты қазірдің өзінде ондаған мың турист тайландтың танымал аралдары мен корольдіктің оңтүстігіндегі курорттарды тастай қашып жатыр.



Ұқсас тақырыптар