Биыл қазақстандықтар 120 күн демалады

2.jpeg

2019 жылы қазақстандықтар жылдың үштен бір бөлігінде демалады. Жылдық күнтізбені egov.kz порталы жариялады.

Мереке күндерін ауыстыру. Егер мемлекеттік немесе ұлттық мереке демалыс күніне (сенбі, жексенбі) келсе, демалыс күндері бір күнге ұзартылады.

 

Мемлекеттік және ұлттық мерекелер, мейрам күндері ауыстыру

 

1-2 қаңтар          Жаңа жыл

8 наурыз             Халықаралық әйелдер күні

21-23 наурыз    Наурыз мейрамы (23 наурыз демалыс күнге түсіп, 25 наурызға ауыстырылады)

1 мамыр             Қазақстан халқының бірлігі күні

7 мамыр             Отан Қорғаушы күні

9 мамыр             Жеңіс күні (демалыс күні 4 мамыр сенбіден 10 мамыр жұмаға ауыстырылады)

6 шілде               Астана күні (демалыс күні 8 шілдеге ауыстырылады)

30 тамыз             Конституция күні

1 желтоқсан     Тұңғыш Президент күні (демалыс күні 2 желтоқсанға ауыстырылады)

16-17 желтоқсан            Тәуелсіздік күні

Мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар - православиелік Рождество демалыс күндері болып табылады.

2019 жылы Құрбан айттың бірінші күні 11 тамызға тура келеді.


Ұқсас тақырыптар