Қажымұқанның көпшілікке беймәлім фотосуреті жарияланды

4.jpg

Саясаттанушы Айдос Сарым фейсбук парақшасында Қажымұқанның көпшілікке беймәлім болып келген фотосуретін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қажымұқан атамыздың мына суретін көрмеген екенмін»,- дейді Айдос Сарым.

Бірнеше балуанмен бірге түскен Қажымұқанның бұл суреті көпшілікке бейтаныс. Сурет ескі газеттердің бірінде жарияланған болуы керек.

Фотосуреттің астында «Мәскеу зоологиялық бағында өткен жылдың жазында өнер көрсеткен балуандар тобының қызықты суреті. Пальто киген - белгілі чемпионаттарды ұйымдастырушылардың бірі - Н.Я.Петров. Одан солға қарай таяқ ұстап тұрған - Щтернь. Оның жанында тұрғаны жас чемпион - Лука Копьевъ. Одан кейінгі қара нәсілді - Чемберсъ Ципсъ. Алдыңғы қатарда Поддубныйдың өзі тұр. Оның артында күлімдеп Сабатье тұр. Ал - сырлы сым киіп тұрған - кербез Муханура (Қажымұқан - авт.)», - деп жазылған.



Ұқсас тақырыптар